//
Жолдауды насихаттау үшін Оңтүстікке cенат депутаттары келді Жаңалықтар 

Жолдауды насихаттау үшін Оңтүстікке cенат депутаттары келді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірімізге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы мен үндеуінде айтылған міндеттерді насихаттауға келген парламент сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев, Қуаныш Айтаханов және Әли Бектаевпен кездесті.

Жолдауды насихаттау үшін Оңтүстікке cенат депутаттары келді

Басқосуда тараптар мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған жолдауы мен саяси реформаларының аймақта жүзеге асыру жоспарын сөз етті.

Жолдауды насихаттау үшін Оңтүстікке cенат депутаттары келді

Өзара әңгімеде әкім таяуда үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жиында Елбасының жолдауда айтылған міндеттерді орындау аясында бірқатар нақты тапсырмалар жүктегенін айтты. Жансейіт Қансейітұлы бұдан бөлек сол жиында облысымыз үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынып, өңірлерде тұралап қалған жобаларды түзеу мақсатында даму институттарымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу тапсырмасы алынып, оны жүзеге асыру міндеті тұрғанын жеткізді.

Өз кезегінде халық қалаулылары аталған саяси құжаттардың елімізді дамыту жолындағы кезекті үлкен баспалдағы екенін атап өтіп, оны жүзеге асырып, елге пайдасын тигізу баршаға міндет екенін жеткізді. Сенаторлар Елбасының осынау құжаттарын халыққа түсіндіріп, оны іске асыруда бұқараны бірлесе жұмыс істеуге шақыратынын айтты.

Айта кету керек, парламент сенатының депутаттары апта бойы өңірімізде жұмыс сапарымен болып, Президенттің үндеуі мен жолдауын халыққа кеңінен насихаттап, оның маңызына тоқталатын болады.

Фото: Самат Мырзалиев

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz