Шымкенттің автобустарында ерекше плакаттар пайда болды

350
Шымкенттің автобустарында ерекше плакаттар пайда болды

Шымкенттің автобустарында ерекше плакаттар пайда болды. Онда қалалық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаевтың фотосуреті бар. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бөлім басшысы қала тұрғындарына арналған сөзінде 11 желтоқсанға дейін шаһардағы қоғамдық көлік саласында тәртіп орнатуға көпшілік алдында уәде береді. Яғни, автобустардың қозғалу кестесі мен көліктердегі тазалықтың сақталуы қамтамасыз етіліп, жолаушысы көп бағыттарға қосымша көлік бөлінбек.

Тұрғындар алдындағы мұндай жеке жауапкершілігі Қуатжан Әзімбайұлының жұмысына қосымша ынталану болмақ. Ал ең бастысы – адамдар енді қаладағы қоғамдық көліктің жұмысына жауапты маманды жақынырақ танитын болады. Соның нәтижесінде жолаушылар көлігінің сапасыз жұмысына кімге шағымдану керегін біледі.