Жаңалықтар 

Әнші Алтынбек Ташымбетовтің тойы Шымкентте өтеді

“Ұнатып ем”, “Сен келдің” атты әндерімен тыңдарман қауымның жүрегіне жол таба білген әнші Алтынбек Ташымбетов ақ құсын қолына қондырды. Осыдан  екі жыл бұрын “Алматы -нағыз өнердің ордасы” деп өз шығармашылығын шыңдау мақсатында Алтынбек еліміздің оңтүстік Астанасына жол тартқан болатын. Алайда өмірлік жарын кездестірген ол өз туған қаласына қайтып оралды.

Қазір қарқынды түрде неке тойымызға дайындалудамыз. Жеке шығармашылығымның уақытша  үзліс табуы да осыдан. Ал өмірлік жарым Ұлжарқынмен Астана қаласында концерттік кештердің бірінде таныстым. Алдымен дос болдық кейін достық  махаббатқа ұласты. Негізінде Ұлжарқын Сарыағаш қаласы Абай ауылынан қарапайым отбасында тәрбиеленіп, бойынан келінге тән инбатталықпен ізеттілікті байқаған мен оны бірден ұнатып қалдым дейді Алтынбек Ташымбетов.

500 қонақтың басын қосатын той Шымкентте еліміздің әйгілі өнер адамдарының қатысуымен өтеді.

 

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz