Дендропарк сусыз қалды

340
Шөліркеген көк желкен

Шымкент дендропаркі үш аптадан бері сусыз отыр. Бадам су қоймасында жөндеужұмыстары жүргізілуіне байланысты екі-үш айға дейін жасыл желекке су беру қиындап тұр. Бұл мәселенің шешімі – «Тоғыс» су қоймасынан су әкелу болатын. Бірақ  бұл да оңайға соқпай отыр. Бар-жоғы секундына 100 литр көлемде келіп жатқан ағын суды жол-жөнекей диқандар егістікке бұрып алумен әуре.

Ал «Оңтүстік су шаруашылығы» мекемесіндегілер бұл мәселеге қатысты ақпарат беруге құлықсыз болып отыр. Кім біледі, қашқақтайтын себептері көп шығар?!