«Су ресурстары маркетинг» ЖШС ардагерлер мен зейнеткерлерді құтықтады

60 тан аса сыйлықты мекеме қызметкерлері құрметке лайық қариялардың үйіне апарып беретін болды .

Су ресурстары маркетинг компаниясының ұжымы ардагерлер мен зейнеткерлерді халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Мұнда қаламыздың су арнасына үлес қосқан бұрынғы қызметкерлер шақырылған болатын. Кезінде бұл кісілердің бірі су қорғанын салса, бірі жаңа жүйелерді қосқан.  Олар мекеменің тарихын тұрғызып, қаланы сумен қамтамасыз еткен адамдар. Халықаралық  қарттар күні қарсаңында «Су ресурстары маркетинг» ЖШС ардагерлер мен зейнеткерлерді құтықтады. Мекеменің бір зейнеткері де сыйсыз қалған жоқ. Өкінішке орай, бұл шараға келе алмай қалғандары да болды. 60-тан аса сыйлықты мекеме қызметкерлері құрметке лайық қариялардың үйіне апарып беретін болды.