Жаңалықтар 

«Химфарм» отандық дәрілер өндірісін дамытуға өз үлесін қоспақ

2010-2014 жылдар аралығында еліміздің фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында инвестицияларды тарту және инновациялық технологияларды енгізу жүзеге аспақ. Бұл туралы қаламыздағы «Химфарм» акционерлік қоғамында өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды. Пікірталасқа қазақстандық фармацевтикалық өнеркәсіптің басшылары мен осы саланың дамуына жауапты мемлекеттік ұйымдардың уәкілдері қатысты. Қазақ фармацевтикасының даму жолын жүзеге асыруды «Самұрқ Қазына» жасаса, «СК Фармация» мемлекеттік холдинг саланың ішкі жағдайын толығымен бақылап қана қоймай, шетелдік инвесторлардың назарын аудартумен қамтамасыз етпек. «СК Фармация» холдингінің бас директоры  Сыздық Баймұқанов: » Дамыған отандық фармация- бұл ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементтерінің бірі болып келеді. Біз елімізді дәрі өндіруден, ғаламдық экспорттаушы аймақтық көшбасылардың бірі етуге тырысамыз. Фармацевтикалық өнеркәсіп жұмыс орындарын және бюджетке түсімдерді арттырады. Сондай-ақ, жергілікті өндіріс дәрілері көпшілікке қол жетімді болмақ»-дейді. Отандық дәрілердің бөлшек саудадағы бағалары шетелдіктерден әлдеқайда төмен болады. Ал ол қарапайым тұрғындарға өте пайдалы.Төмен баға арқасында, мемлекеттің сатып алатын дәрілердің мөлшерін үлкейтуга және көп мөлшерде тұрғындарға, сонымен бірге медициналық мекемелерге таратуға мүмкіндік туады.

«Химфарм» АҚ 60 пайыздық акциясын поляк алыбы «Польфарма» сатып алған болатын. Европалық фармаөндірісінің көшбасшыларының бірі өз шешімін саланың дамуының алғашқы нәтижесі деп түсіндірді. Қазақстандық фармацияның еуразиялық аймақта жетекеші дәрілер жеткізуші болуға мүмкіндігі бар екен.

Бұл туралы «Химфарм» АҚ-ның жаңа бас директоры Влодимир Грыглевич жиналған көпшілікті хабардар етті. Дөңгелек үстел мәжілісінің қорытындысы бойынша, қатысушылар «Химфарм» АҚ отандық дәрілер өндірісін дамытуға мемлекеттің үлесін айқын көрсетпек деген ойға келді. Кәсіпорын басшылары да, мемлекеттік төрелер де 2014 жылға қарай бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде дәрі шығару саласының көшбасшысы болуға және дамыған фармацевтикалық өндірісі бар елдердің бірі болатынына сенім білдірді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz