Халық жаңалығы 

Жаңа көпір ауылдарды жалғайды

Сайрам  ауданындағы Ақсукент пен Әйтеке би ауылын жалғастыратын бұрынғы көпірдің тозығы жетіп, тұрғындардың бір-біріне қатынауы қиынға түсіп жүр еді. Ескі көпірден автокөлік түгілі жүргіншінің емін-еркін өтуі мұңға айналған-ды. Ескінің аты – ескі, ілдебайлап әзер тұрған көпір нөсерлі жауыннан кейін көлік өткізуге жарамай қалды. Ал адамдар одан қорқа-қорқа әупірімдеп өтетін.

Қазір осы істі жауапкершілігіне алған серіктестік ұжымы ұзындығы 36 метр келетін көпірдің құрылысын салуға қызу кірісіп кетті. Ресейден сатып алынған көпірдің жабдығы 48 миллион теңге тұрады, бұл қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. 150 бөліктен тұратын көпірдің жабдығы ғасырлар бойы шыдас береді екен. Мамандар осылай деп отыр.

Әйтеуір, қос ауылды жалғастыратын көпірдің халыққа қызмет ететін күні жақын қалды. Тұрғындар мен жолаушылар бір серпіліп қалатын болды бұған. Құрылысшылардың бұл игі тірлігі айтулы мереке – тәуелсіздік тойына ұялмай ұсынатын сый болғалы тұр.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz