Жаңалықтар 

жол ақысы өседі

Қалалық мәслихаттың кезекті 55 сесиясының алдында өтетін тұрақты комиссияның отырысында халық қалаулылыры қоғамдық көліктердеге жол ақысын бірден 50 тенгеге көтеруге келісімдерін берді. Бұған дейін Шымкентік жолаушылар автобустарда 35, шағын автобустарға 40 тенге төлеп келген.Жанар жағар май , қосалқы бөлшек құнының өскендігін алға тартып жол ақысын көтеру туралы  ұсынысты “Южавтотранспорт” қауымдастығы осыдан бірнеше ай бұрын берген болатын.

Тек облыс әкімі Асқар Мырзахметов қоғамдық көліктердегі көрсетілетін қызметтің сапасын көтермей және ондағы кемшіліктерді жоймай бағаны көтеру орынсыз деп айтқан болатын . Себебі қаладағы автобустар мен саны көп көлік компанияларының бәрі жеке меншік техникалары  ескірген, санитарлық талаптарға сай келмейді . Айтқандарынан қайтпай айқайлай берген көлік компаниялары бірнеше жерде қоғамдық тыңдау өткізді, Қала халқының бір бөлігі бағаның өскеніне үзілді- кесілді қарсы болса, енді бір бөлігі көрсетілетін қызыметтің сапасы жақсарса бағаны көтеруге болады деген сыңай да танытты.

Нәтежесінде қалалық мәслихат депутатары да жол ақысын өсіруге келісімдерін берді .Бұдан бөлек бюджеттен 600 млн тенге датация беру жолдары қарастырылуда. Қаражат бөлінген жағдайда қаладағы барлық студентер, отбасындағы әлеуметік жағдайларына қарамастан 50 пайыздық жеңілдікпен қатынайды .Ал қалалық мәслихат 3 жыл бойы бағаны қайта қарамайды.Ол дегеніміз Шымкент қаласындағы жолаушылар тасымалдау қызыметіндегі баға үш жыл көлемінде өзгермейді .

 

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz