Жаңалықтар 

«Құрбандыққа бала шалынады!!!» деген даурықпа әңгіме көбейіп кетті

Соңғы уақытта ел арасында «оқушы ұрланады», «Құрбандыққа бала шалынады» деген даурықпа әңгіме көбейіп кетті. Осы мәселеге байланысты әсіресе мектеп жасындағы балалардың ата аналары қатты алаңдауда. Тіпті облыс көлемінде “Балалар қойша бауыздалады” деген үрейлі үндеу туралы да ақпарат тарап кеткен
“Құрбан айтқа дейін пәлен бала құрбандыққа шаланады” деген жантүршігерлік қауесет бүгінде алты қырдан асты. Оны естіген жазығы жоқ құлақтан маза да қашты. Мақтаралда шала тұтанған үрейлі өсек шымқала тұрғындарын да толғандыра бастады. Сақтансаң сақтайды деп балалары мектепке барудан бас тартып, оқуды тастады.

Жұртты дүрліктірген жел сөзге шымкенттіктер де құлақ тосты. Тіпті кейбір мектеп әкімшілігі ата аналардан тілхат алып, балалардың барыс келісін өздеріне жүктепті.
Бірақ бір қызығы мұғалімдердің бұл әрекетін білім бөлімінің басшылары білмейтін болып шықты. Ол былай тұрсын, елді дүрліктірген үрейлі әңгімені бізден естіп аң-таң.

Әйтеуір не керек соңғы бір айда бос әңгіме мен жазылған үндеу туралы ақпарат жұртты әжептеуір әбігерге түсірді. Біз осы мақсатта қаланың барлық көшелерін аралап мектеп айналысына көз жүгірттік. Бірақатар бағаналарды да шолып шықтық. Бірақ ешқандай қауіпті ескертулер мен жазбаларды көре алмадық.

Құдай кесірден сақтасын. Бірақ әзірге Шымшаһарда қорқынышты оқиға мен жантүршігерлік жағдай ресми түрде тіркелмеді. Анығы осы. Мұны тәртіп сақшылары растап отыр.

Сонымен ертеден мұрты бұзылмаған мұсылмандығымызға сына қағып, “жаптым жала, жақтым күйе” деп жүргендер кімдер? Әлде әлемге қауіп тудырған сатанизім сектесының сандырағы ма?! Қалай болғанда да қоғамда дау туғызып бос сөзге жан бітіргендердің ертелі кеш жазадан жалтарып қалмасы анық.

Related posts

Пікір қалдыру

2 пікір - "«Құрбандыққа бала шалынады!!!» деген даурықпа әңгіме көбейіп кетті"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Дегенмен жел болмаса, шөптің басы қимылдай қоймайды. Жұртты үрейленіп отырғаны Астанаға да жетті. Тала адам мәселенің ақ қараын сұрап хат жазып жатыр. Әлде жабулы қазанның кері ме? Жасырып отырған жоқ па екен? Мұнысы енді Аллаға аян.

Бәрібір біреулердің осындай даурықпаның қажет етіп жатқаны анық. Сондықтан сол арампиғылдардың қауесеті шынға айналып, шаңырақтарға қасірет төндірмесе екен. Тиісті орындар бірдеңені жасырып отырғандай… Журналистер жіті бақылауына алса екен.

wpDiscuz