Жаңалықтар 

Әркім өз атын көшеге қойып ала ма?

Шымкенттегі  Ілияс Есенберлин көшесіне “Дәулет Құралұлы көшесі” делінген тақтайшанын ілінгенін көріп, бірқатар тұрғындар редакцияға хабарласып жатыр.

“Әркім өз атын көшеге қойып ала беретін болған ба?” деп ашынады олар.  Естеріңізге сала кетейік,  бұған дейін бұл көше А.Луначарский көшесі аталып келген-ді. 2007 жылы қалалық мәслихаттың шешімімен көшеге, белгілі қаламгер Ілияс Есенберлиннің есімі берілген.

Бұл мәселе бойынша хабарласқанымызда Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, қалалық ономастикалық комиссия төрағасының орынбасары Мұрат Базарқұлов тұрғындардан осындай шағымның оларға да түскенін, мәселені анықтау үшін, тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында  әл-Фараби аудандық полиция бөліміне тиісті құжаттарды жөнелткендерін айтады.

І.Есенберлин көшесіне өз атын жазып қойған азаматқа қатысты әкімшілік шара көрілетін болады.

Related posts

Пікір қалдыру

4 пікір - "Әркім өз атын көшеге қойып ала ма?"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Қазір атасы мен бабасының, ағасының есімін мешіттерге беруді қойып, қалауы бойынша көшелерге өз есімдерін беруге көштік десеңізші. Тұрғындардың ашынатынындай-ақ бар. Ал басшылар мұндай жағдайды қадағалау керек. өйткені әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ болса, бір күні көшені таба алмай, адасып қалармыз. Әрі көшелерге, есім беруді барлық жұрт, басшылық мақұлдай отырып, еліне еңбегі сіңген, халық білетін азаматтардың есімдерін қою керек.

Махаббат-ау, аты ауысқан көшелердің өзінде кемшіліктер көп. Н.Гоголь көшесі Т.Орынбаев деп ауысқалы қай заман, бірақ, сол көшемен жүрсең әлі де Н.Гоголь көшесі деген тақтайшаларды көресін. Ал, Шығыс шағынауданындағы күре жолды Жолан батыр деп атаған. тақтайша ілінген. Бірақ, ресми түрде, “осындай көше, осылай деп аталды” деген ақпарат бергісі келмейді шенеуніктер. Неге?

))) Біздің Шымкенттің ерекшелігі бұл. Атың шықпаса жер өрте деген. Міне, енді Құралұлын да бәрі біледі. Даудан соң көше қайта Есенберлин болады, есесіне жаңаға пысық ағатайымызды бүкіл ел біледі. Біздің Шымкент, бізді Шымкент шынымен де тамаша. Астана жақтағылар бұл ақпаратты естіп, Илхам сенің атыңдағы көше жоқ па депсұрап жатыр)))

Иә, ағамыздың тірлігі өте ұяттау болды, менің сөзім жоқ…
Шынында, күнделікті жаңалықтарды қарап отырсаң, күн құрғатпай өзіміздің Шымкент туралы міндетті түрде не жақсы, не ыңғайсыздау жаңалықтарды айтып жатады. Таныстарым, қызметтестерім – “Ай, шымкенттіктер-ай күнде бір сюрприз дайындайды” деп күледі. Мен “шымкенттіктер болмаса, теледидардағы жаңалықтарың да, айта берсең сүріп жатқан өмірлерін де қызық болмас еді” деймин.

wpDiscuz