Жаңалықтар 

Өз қолтаңбасы бар суретшінің көрмесі

«Жетіасар» көркем-сурет галереясында көрме ашылды. Шығармалар ССРО сурет одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, өнертану мамандығы бойынша доцент Әнуарбек Айдосовтың жеке көрмесі.
Көрмеге ұсынылған еңбектің дені авангард бағытында модерн формасында: портреттік, абстракциялық, реалисттік, сюрреалисттік тақырыптар қамтылған. Суретшілер одағының мүшесі Әнуарбек Айдосовтың шығармаларынан қазақы рух, эстетика, салт-дәстүрді көруге болады. Әрбірінде психологиялық, философиялық ой жатыр. Мәселен, қазақ халқының тұрмысы бейнеленген мына суретте самаурыннан шыққан түтіннің өзі-тәуелсіз еліміздің түтіні түзу болсын деген терең ойға толы.

Ұстаз 6 жылдан бері студенттер және жалпы көрермендерге арнап өз жеке көрмесін ұйымдастырып келеді. Бұл шәкірттерге әрі үлгі, сонымен қатар шығармашылық ізденісін көпшілікпен бөлісу. Әнуарбек Айдосовтан тәлім алып жүрген шәкірттері де аз емес. Олардың алды бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасын жасап үлгерген. Шәкірттер бүгінде Павлодар, Астана, Алматы қалаларында өнердің осы бағытын дамтыуға үлес қосып жүр.

Әрбір дүниені жасауға ұзақ уақытын жұмсап, мол ізденістің нәтижесін ғана көрерменге ұсынатын суретші шәкірттерінен де осыны талап етеді. Өзіндік қолтаңбасы бар шығармашылық иесінің бүгінгі еңбектерін тамашалап, рухани ләззат алған көрермен суретшіге табыс тілеп тарқасты. Көрме 1 аптаға жалғасады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz