Жаңалықтар 

16-қазан Халықаралық дұрыс тамақтану күні

16-қазан Халықаралық дұрыс тамақтану күні. Осы датаға орай Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы облыстық тамақтану орталығы департаментімен бірігіп ұйымдастырған. “Фастфуд және оның зияны мен пайдалы жақтары” тақырыбында конференция өткізілді.
“Ауру-астан.” Бұл мақалдың мәні мен маңызы бүгінде өміршең. Олай дейтініміз, өркениеттің өрлеу заманында әсіресе, жастар жағы уақыттың тапшылығын сылтау етіп, жүрдім бардым жедел тамақтануды әдетке айналдырған. Ағылшынның фастфуд сөзімен айдар тағып қойған осы тақырып конференцияның өзегіне айналды.

Фарида Есқараева,ОҚМФА оқу-клиникалық “Денсаулық” орталығының меңгерушісі:
Әрбір аурудың алдын алу керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Осыны студент жастар арасында насихаттау мақсатында бүгінгі конференцияны ұйымдастырып отырмыз

Облыста таяуда құрылған салауатты тамақтану орталығы департаменті мамандары да аталған конференцияға қатысып, ғылыми баяндама жасады.

Гүлнұр Төлімбет, облыстық салауатты тамақтану департаментінің ғылыми қызметкері:
ОҚМФА қазан айының басында оқу клиникалық орталығы ашылған болатын. Мұнда студенттерге білім беріп қана қоймай, алдын алудың да жолдарын егжей тегжейлі түсіндіріледі.

ОҚФМА алдағы уақыттарда тағы да Денсаулық оқу клин. орталығында тұрғындарды қабылдап, академия проф. мен дәрігерлері кеңес беруді жоспарлап отыр.


Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz