Оқыс оқиға 

Адам ұрлау ойыншыққа айналғандай

Қалада қаптаған мейрамханалардың бірінен 34 жастағы кәсіпкер, бір супермаркеттің егесі Әскерді ұрлап кеткен. Ұрылар оның өмірі үшін 50 мың АҚШ долларын сұраған. Өміріндегі оқиға туралы әзер қашып құтылған кәсіпердің өзі баяндап берді.

16-қазан, саған 11:30 шамасында, Әскердің қалта телефонына қоңырау келіп түскен. Қоңырау шалған, балалық шақтағы досы өмірлік маңызы бар бір ақпаратты шұғыл айту керектігін жеткізіп, кездесу орнын белгілеген. Кездесу орны “Караван” мейрамханасы болғандықтан, Әскер ол жерге өзінің “БМВ-Х5” автокөлігімен 20 минутта жетіп барады.

“Мен келгенімде-ақ ғимарат алдындағы қара түсті БМВ-525 көлігін көзім шалды. Оның маңайында бір жігіт жүрді, содан соң мейрамхана ішінен бірнеше еркек шығып, мені ұстап алды да, мені көлікке күштеп жікті. Басыма бір нарсе кигізіп, белгісіз бағытқа қарай бет алды. Басымақатты темір сияқты затты тақап отырды, менің ойымша ол қару…”-деп өткенін еске алды.

20 минуттан соң Әскерді жапан далаға апарған. Ол жерде оншақты ер азаматтар бопты, ал жерде әбден таяқ жеген жолдасы-әлгі телефон соғып, кәсіпкерді кездесуге шақырған досы жатыр екен. Бұл көріністер Әскердің таяқ жеп, есінен танғанға дейін орын алған. Одан кейінгісі оның есініде еміс қана.
Содан кәсіпкерден 50 мың АҚШ долларын төлеу керектігін айтқан. Ұрылар өздерін қылмыс әлемінің осал жігіттері емес екендігін түсіндірген.

Әскерде қолма -қол төлейтін ондай қаржы болмаған соң, оны туыстарына хабарласып сұрауын талап еткен. “Мен олардың қолбайлауында көп болдым-ау”-дейді кәсіпкер. Ақыр соңында, 22 мың доллардыӘскердің күйеубаласы беруге уәде береді. Онымен кездесуді Сайрам мен Жібек жолы ауылдарының қиылысына белгілеген. Өз көлігінде туысымен кездесуге келген кәсіпкерге жолсерік қосып беріпті. “Шықта, ақшаны ал”-деп бұйрық берген жолсерігін, көлігінің есігін автоматты түрде құлтап, күйеубаласының машинасымен қашып кеткен.
“Мен тәртіп сақшыларының келдім, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Біраз қылмыскерлердің атын білем, барлығын бірден танимын”-деп отыр Әскер.
Ал ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы, полковник Салтанат Қаракөзова: “Бұл іс бойынша қылмыстық топпен куресу басқармасы іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын жеткізді. Күдіктілердің біразы айқын болды”- деп отыр. Не де болса, қылмыскерлер ұсталғаннан кейін барлығы айқын болмақ.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz