Спорт 

Анастасия Прилепа 4 алтын, 2 күміспен елге оралды

Анастасия Прилепа Джакардада өткен Азия чемпионатынан оралды. Жерлесіміз 50, 100 және 200 метрді арқамен жекелей жүзуде шеберлік танытып, алтын медальдарға ие болған. Сондай ақ эстафеталық жарыста да Настя бір алтын және екі күміс медальға ие болды. Настя олимпиада ойындарына жолдама үшін таласқа түсетін оңтүстіктен жалғыз жүзу спортының шебері.

Ескек есу бойынша да облыс қоржыны азияның жүлдесімен толықты. Жастар арасында К4-те 500 метрге ескек есуде Таисия Утенко алтыннан алқа тақса, сондай ақ 1000 метрде Никита Ивоилов екінші орыннан көрінді. Ал ересектер арасында Станислав Рызаев к2 -де 500 метрге ескек есуде күміс жүлдеге ие болды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz