Жаңалықтар 

Басылымдарға жазылу күні өтті

Шымкентте «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» пошташылардың төл мерекесі — дәл бүгін аталып өтілді. Мерекелік іс-шараға қала тұрғындары көптеп жиналды.
«Қазпошта» АҚ ОҚО бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі мерекеге арнайы келген оқырманның қарасы көп болды. Сондай-ақ, басылымы мол өңірдің барлық газет-журналдарының ұжымы барынша атсалып, қарапйым халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Пошта алдынада 10 пайыздық жеңілдіктермен басылымдарға жазылу да жүріп жатты.
Әсіресе, «Оңтүстік Рабат», «Рабат» газеттеріне жазылушылардың қатары көп болды. Бұл аталмыш газеттердегі авторлардың мерейін үстем ете түсті. Мерекелі күні өз оқырмандарымен кездескен олардың қуанышында шек болмады.
Таңмен таласа газетке жазылуға келгендер керек десеңіз, ұзақ сонар кезекке таласа тұрды. Олар осылайша өздерінің тұрақты оқырман екенін дәлелдеп жатты. Мерекелі күнде ең алғашқы жазылушы болып, қаламыздағы «Пеленг-Security» ЖШС-ның ұжымы болды. Дәл осы күні сүйікті газеттеріне арнайы жазылуға келген оқырмандарымызға бас демеуші- Barf сауда белгісі ұсынған Swedkaz компаниясының арнайы сыйлықтары ұсынылып, жазылушыларды бір марқайтты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz