//
Оқыс оқиға 

Бір күнде бірнеше жол апаты орын алды (бейне)

Бүгін таңертеңгі қарбаласта Бәйдібек би көшесінде бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Апат жол ережесін сақтамау салдарынан болған.

Нұрсәт шағын ауданынан шыға берісте алдымен Ауди, фольксваген гольф және мазда көліктері соқтығысқан. Зардап шекендер бар. Апат жол ережесін сақтамау салдарынан болған.

Дәрігерлердің айтуынша 3 адамның миы шайқалған. Жарқаттанғандар ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Оқиғаға қатысы бар адамдардың айтуынша апатқа жол ережесін өрескел бұзған Гольф жүргізушісі кінәлі.

Осы жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтау кезінде сол маңайда тағы бір көлік жол көлік оқиғасы орын алды. Дегенмен, жүргізушілер полицейлерді араластырмай-ақ шығынды өтеуді өзара келісті. Бұдан соң кезекті тағы бір жол апаты осы төңіректегі Арғынбеков пен Бәйдібек би көшесінің қиылысында орын алды. Мұнда Лексус пен Фольксваген гольф көліктері соқтығысты. Қуанышқа орай, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz