Жаңалықтар 

Еліміздің бас мұғалімі оңтүстік жұртымен кездесті

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған дәл осы жолдауын насихаттау мақсатында республикалық ақпараттық топ Оңтүстік өңірінде болды. Топты ҚР Білім және ғылым минстрі Бақытжан Жұмағұлов бастап келді. Астаналық қонақтардың қатысуымен облыс көлемінде бірнеше іс-шаралар өткізілді.
Еліміздің бас мұғалімі бірінші болып, «Асар» шағынауданындағы 1200 оқушыға арналып, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында салынған №89 мектептің бүгінгі жағдайымен танысып, «өте жақсы» деген баға берді. Онда ұстаздар қауымымен қатар, оқушылар және олардың ата-аналарымен кездесіп, білімді ұрпақ тәрбиелеуде еш жалықпай, қайта алға өрбу керектігін тілге тиек етті.

Білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып шыққан білім министрі, Жұмат Шанин атындағы облыстық драма театрында өңірдің зиялы қауымымен кездесті. Онда білім саласындағы жаңа реформаларды жүзеге асыру барысы кеңірек талқыланды. «Мұғалімдердің қоғамдағы орнын жоғалтып алдық. Енді соны қайта өз қалпына келтіріп, жалақыларын көтеріп, болашақ ұстаздарға жағдай жасау керек»-деген министр оңтүстікқазақстандық ұстаздар алдында бір жарым сағат тік тұрып, білім саласынан бастап, басқада салалардың жетістігімен кемшілігін тізе отырып, баяндама жасады. Басқосудың соңы сұрақ-жауапқа ұласып, бірнеше мәселелер талқыланды.
Түстен кейін №2 кәсіптік лицейдің атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтта дәріс алып жатқан, болашақ ұстаздармен кездесті.

Ал кешкісін жаңадан ашылған Жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі-2011» республикалық жастар марафон-эстафетасының жабылу салтанатына қатысты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz