Есірткіні ішкиіміне жасырған жолаушы ұсталды

190
кеден кім-кімді де тексереді

Есірткіні ішкі киімге тығып, тасымалдау тыйылар емес. «Мақтаарал» кеден бекетінде ұсталған өзбек азаматы айласын асыра алмады.

58 жастағы азаматтың жеке басын тінту барысында ішкі киіміне темекі қорабының фольга қағазына оралған 72 орама табылады. Орама ішіндегі ақ түсті ұнтақты арнайы сараптама жасаған сот-криминалистері оның «героин» екендігін анықтап отыр.

Салмағы 2 граммнан асатын есірткі затын алып өтіп, сатпақ болған қонақтың үстінен ҚР ҚК-нің 250-бабының 4-бөлігі және 259-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Айтпақшы, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында осындай 8 қылмыстық іс қозғап үлгерген.