Жаңалықтар 

Кендебай Қарабдалов Астанада алтынның “ортасында жүр”

Кадрлық ауыс-түйіс.

Белгілі этнограф, қолөнер шебері, саз балшықтан бұйым жасаушы Кендебай Қарабдалов лауазымды қызметке алынды.

Ол бұдан былай ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты  “Алтын және бағалы металдар” мемлекеттік музейінің ғылыми ақпараттар және ұсыныстар бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады.

Шымкенттік қолөнер шеберін астаналық шенеуніктер қалап алып кетті.

Қазір Астанада Кендебай ағаның үлкен ұлы да лауазымды қызметке орналасып отыр.  “Әке көрген оқ жонар” демекші  ұлы Астананың іргесіндегі “Шеберлер ауылында”  қолөнер бұйымдарын жасап үйренемін, саз балшықтан бұйым жасаудың қыр-сырын меңгеремін деген талапкерлерге тәлім-тәрбие беруде.  Ұстаздық етуде.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Кендебай Қарабдалов Астанада алтынның “ортасында жүр”"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Дурыс екен

wpDiscuz