Жаңалықтар 

Кентаулықтар биыл жылуға жариды

Биылдан Кентау жылуэнерго орталығы мемлекет еншісіне көшті. Осыған дейін жартылай жекеше жартылай мемлекет есебінен қаржыландырып келген мекеме миллиондаған қарызға батып, қаланы жылыту мәселесі тек облыс емес, республикада өзекті мәселеге айналған еді. Мемлекеттік комуналдық кәсіпорын болып қайта құрылған орталық енді толықтай жұмыс жасауға дайын, деп сендіреді басшылығы.

Бұндай көрініс кеншілер қаласында енді болмайды.Ол кезде жартылай жекеменшік есебінде болып, қаржыландыру мәселесі мардымсыз болған жылу тарату мекемесі миллиондаған қарызға іліккен еді. Үкімет Кентаулық №5-ші жылу энерго орталығын мемлекет еншісіне ендірген біржарым ай ішінде мекеме қарыздардың барлығынан құтылып, тіпті ескірген бірқатар қондырғылар да жөндеудегн өткізіліп үлгеріпті.

Бүгінгі күні мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында 6324 тонна көмір дайын тұр. Ал, жалпы жылыту маусымына 91 мың тонна қатты отын қажет. Мамандар отынмен қамтылу мәселесі шешіліп қойғанын айтады.

31 жылдан бері осында тер төгіп келе жатқан Көбеген Дұрманов ел тәуелсіздік алған жылдардан бастап, мекеме жылыту маусымына мұншалықты дайын болмағанын айтып қуанады. Аға машинист жылда жылуға жарымайтын Кентауды биыл қажетті температурамен қамтуға асығады.

Жылу энерго орталық ыстық су беруге де қауқары жетеді. Тек ондаған жылдар бойы суы болмай кеуіп қалған құбырлар шіруге айналған. Оған қоса, тәулігіне 2-3 сағат қана су берілетін Кентау қаласының үйлері ыстық суға әлі дайын емес. Әзірге сапалы жылудың өзі қалалықтардың үдесінен шықса болғаны.

Кентауда 326 көпқабатты үймен, мыңға тарта жекеменшік үй орталықтанған жылытуды қажет етеді. Биыл №5 жылыту орталықтың 180-нен астам маманы қаланы толықтай дерлік жауратпауға сақадай сай.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz