М.Байғұттың «Ақтолғай» эсселер жинағы жарыққа шықты

М.Байғұттың "Ақтолғай" эсселер жинағы

«Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист  Марғабат Байғұттың «Ақтолғай» эсселер жинағы жарыққа шықты.

Үлпіл-лүпіл үнге, әспетті әуенге толы бұл жинақтан өмірдің әуезді әнін де, уақыттың уызы мен мен уытын да, дәуірдің дәмегөй дәмін де сезінесіз, бүгінгі әкімдік жүйенің там-тұм талдамасына дейін табасыз. М.Байғұттың аталмыш шығармасы 2010 жылғы Әз Наурыздан желкемді желтоқсанға дейін «Сенбі сайын» деген арнайы айдармен «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланып, оқырмандардың ықыласына бөленген болатын.

Жұртшылықтың сұранысына сәйкес кітап етіп шығарылып отырған естелікнамадан оқырмандар қызықты жәйттерді оқып біле алады.