Жаңалықтар 

Оңтүстіктің кәсіпкер келіні 50-ге толды

Белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспанәлиева мерейлі жасқа толып отыр.
Өмірде адалдық пен жауапкершілікті басты қағидасы етіп алған Оңтүстіктің іскер әйелдері атты көшті бастап келе жатқан ол бұл жолы да тыңнан түрен салмақшы.
Өзінің мерейтойын “тоянасыз” өткізбек.

Туған күнімді тіпті атап өткім жоқ еді, білетіндер бәрібір құттықтап келетіндіктен, мен үшін басты сыйлық қуанышымды бөлісу болсын деп, әдейі “тоянасыз” болсын деп отырмын,-дейді өзі бұл туралы.

Әрине, туған күнін кім, қалай өткіземін десе де өз еркі, дегенмен қай істе болмасын жаңа бастама көтеріп жүретін, (мысалы Рәшкүл Оспанәлиеваның “қазақтың жігіттері екі әйел алуы керек” деген ұсынысы көптің талқылауына түскені рас) кәсіпкер келіншек мерейтойын атап өтуде де өзгелерге үлгі болмақ.

Рәшкүл Оспанәлиевамен болған сырсұхбаттың толық нұсқасын осы сайттағы “Авторлық бағанадан” оқи аласыздар

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz