Облысымызда алғаш рет вагон-цистерналарды дайындайтын болады

Индустриялдық аймақта жүзеге асқан жобалардың бірі қысымда жұмыс істейтін құбырлар мен ыдыстарды жөндеу өнідірісі іске қосылды. «ЮгремГаз» ЖШС-нің негізгі жұмысы сұйытылған көмірсутек газдарын тасымалдайтын вагондарды инспекциялау және қызмет көрсету.

«ЮгРемГаз» ЖШС-інің директоры Валентина Пилипенконың айтуынша,  газ цистерналары бұрын Атыраудағы Күлсарыда жөнделіп, техникалық қызмет көрсетілетін. Енді өңірімізге қажетті нысан индустриялдық аймақта пайда болды. Қазіргі таңда серіктестікте 12 адам жұмыс істеуде, келешекте олардың санын 50-ге жеткіземіз,- деп жоспарлауда басшылық.

Өңірімізде жаңа жұмыс орындарының ашылуына инвестициялардың үлесі мол болды. Шағын және орта бизнесті дамытуда жергілікті әкімдіктің кәсіпкерлермен үйлесімді жұмысы осындай нәтиже берді. Мұндай қолдауды біз өзге мемлекеттерде кездестірмедік дейді ресейлік инвестор.

Инвестор Олег Кузиняткин Балтық жағалауы мемлекеттерінде және Ресейде кәсіп жүргізіп келген. Алайда жергілікті биліктен мұндай көмекті көрмегенін айтады ол. Ал Қазақстанда жаңа өндірістерді ашуға, өз үлесімізді қосуға еш кедергі болмапті. Әкімдік уәдесінде тұрып, инфроқұрылымдар тартып, құжаттарды рәсімдеуде және келісім түзуде қолдау көрсеткен.

Ал әскерден келіп, бос жүрген жастар да қаладан жұмыс табылғанына риза. Олар кәсіби біліктілігін индустриялдық аймақтағы кадрларды даярлау орталығында арттыратынына сенімді.  Жастардың тез бейімделуіне тәжірибелі мамандар көмектесуде. Ұжымның бағыты сапалы қызмет көрсету. Бүгінде өндірістің қуаттылығы жылына 1200 цистернаны техникалық жөндеуден өткізу. Жобаның құны 120 млн. теңге.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3cUnhX3CJFo[/youtube]