Жаңалықтар 

«Орда» тобы фильм түсірді

Алматылық «Орда» тобы кино түсірді. Ол «Запрещенные танцы», яғни тиым салынған билер деп аталады. Жаңа фильімнің негізгі желісі махаббат, тағдыр тауқыметі, өмір мен өлім жайында екен. Бұл  экшн-комедия жанрындағы көше биі туралы фильм. Ал рөлдерді  R&B  стиліндегі шымкенттік « JK» студиясының бишілері сомдайды.

Шымкенттік дансерлер қатал тәртіптегі іріктеуден өткен. Роза Қалмұрзаева мен Нұрболат Сабырхан, Самат  Тоғанбаев пен Богдан Берлов жетекшілерімен бірге Алматыға түсірілімге қатысып қайтты. Ал тағы бір оңтүстіктің бишісі Князь Юсупорвқа басты рөлдердің бірі бұйырыпты.

«Запрещенные танцы» фильмнің сюжет желісі бойынша басты кейіпкер көше биінен байқауға қатысады. Ол дайындық барысында достарының сатқындығын, айналасындағылардың оны кемсітуі мен түсініспеушілігімен бетпе- бет келеді.

7 жасар Роза Қалмұрзаева түсірілім кезіндегі сәттерін ерекше сезіммен жеткізді. «Бұл күндер мен үшін ерекше әрі естен кетпестей болды. Бізді 5 камера түсірді және мен өзімді жоғалтпай  ұстауға тырыстым. Әрі олардың айтқанын бұлжытпай орындадым»,-  дейді жас әртіс.

Екі тілде түсірілген туынды дайын болған соң Үндістанға жөнелтілмек. Өйткені, ол жақтада біздің қандастарымыз бар. Сол кісілер фильіміміздің алғашқы көрермендері болып табылатын шығар дейді «Орда» тобының әншісі Ерболат.

Қазір «Орда» тобының әнші жігіттері қарқынды түрде фильімнің монтажына кірісіп кетті.Бұйыртса қыс мезгілінің алғашқы айларында туынды дайын болып көрермен назарына ұсынылады деген сенімдеміз дейді «орда » тобының жігіттері.

 

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz