//
Жаңалықтар 

Сүйікті Шымқалаға табиғат тартуы

Бүгін “Қызғалдақ” су бұрқағының жаны түрлі-түсті гүлдер, жеміс-жидектен жасалған әсем әлемге айналды. “Сүйікті Шымқалаға табиғат тартуы” атты қалалық фестиваль ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы мен қала күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Байтерек мына әкелінген композициялар тақырыбының басты тұлғасы болып орын алған. Түрлі түсті, көлемі де әртүрлі жеміс-жидектер: қарбыз, баклажан, банан қырықжапырақты – шебер туындыға айналдыруға болады. Мұны қаламыздың мектеп оқушылары дәлелдеді. Шәкірт пен ұстаз қиялында асқабақ адам, қарбыз кемесі, балгар бұрышы-қызғалдақ, баклажан пингвинге айналған.
Снх Тайқазан.. ырзамыз

84 білім мекемелерінің оқушылары мен ұстаздары жұмыла жасаған жұмыстарын әділ-қазылар 3 бағыт бойынша бағалады. Бірі еліміздің кең байтақ жерін оңтүстіңтің мол өнімі : жеміс-жидектері арқылы көрсетсе, бірі көрмеде табиғи түрлі-түсті гүлдер арқылы Гүлденген Республикамызды көрсетпек болыпты. Туынды жасағандар айнала қоршаған ортаны қорғау, табиғи материалдарды жасауда жастардың шығармашылық қабылетін дамыту мақсатын толығымен орындауға тырысқаны көрініп тұрды.

Жеміс-жидектер көрмесінде №7 мектеп лицейі бас жүлдені жеңіп алса, еркін стильдегі табиғи материалдан жасалған композицияларда жас туристтер станциясының ұжымы алда болды. Ал гүлдерден жасалған дүниеден №56 мектептің жұмысы әсем деп танылды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

1 пікір - "Сүйікті Шымқалаға табиғат тартуы"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

7 мектеп жасасын, алга

wpDiscuz