//
Жаңалықтар 

Шымкент қорғасын зауытындағы мерейлі балқыту

Шымкент қорғасын зауытында үш буынның өкілдері бас қосып, шикізатты балқыту арқылы өнім алды. Бұл шара Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған.  Мақсат тарихы терең кәсіпорында еңбек етіп жатқан жастар орта және аға буыннан үлгі алып тәжірибе алмасу.  Айтулы шараға осы зауытта еңбек етіп зейнеткерлікке шықан металлургтар шақырылды.

Екі қазан қорғасынды мерейлі балқыту құрметіне ие болғандардың арасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оқыған металургтер де бар. Кеңес одағы кезінде айына 15 мың тоннаға дейін қорғасын балқытып жүрген зауытта бүгінде бар болғаны 1,1.5 мың тонна таза қорғасын өндіріледі екен. Дегенмен мамандар алынған қорғасынның сапасы кеңес одағы кезіндегі қасиетін жоғалпады дейді.

Бүгінде Шымкент қорғасын зауытында мыңға жуық жұмысшы бар. Ұлы отан соғысы кезінде жауға атылған әрбір үшінші оқты майданға жіберіп отырған кәсіпорынның экологияға әсері туралы соңғы уақытта көптеген әңгіме айтылуда.  Дегенмен, үкіметте зауытқа қатысты арнайы бағдарлама жасалынған.  Міне сол бағдарлама егжей- тегжей талқыланып жүзеге асқанша мұнда қорғасын өндіру тоқталмайды. Бұл зауыт өзге кәсіпорындарда өндірілген өнімдердің шаңынан қорғасын өндірумен қатар аз көлемде түрлі түсті метал да шығарумен айналысуда.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz