«Шымкент» кинотетры театр болып ашылмақ

79
Сықақшылар кинотеатрға көшті

Ашылғанына екі жыл болған облыстық әзіл-сықақ және сатира театры жаңа қонысқа көшуде. Осы уақытқа дейін қуыршақ театрының, тілдер академиясының ғимаратын жалға алып, қазақ драма театрының сахнасында дайындық жүргізіп келген өнер ұжымының енді өз шаңырағы бар. Сықақшылардың жаңа жұмыс орны бұрынғы «Шымкент» кинотеатры. 71 млн 500 мың теңгеге бағаланған ғимаратта әртістер көрермендерін жаңа қойылымдарымен қуантпақ. Ал сатира театрының салтанатты ашылу рәсімі желтоқсан айында өтеді. Оған дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмек.