Жаңалықтар 

Шымкенттің төл тойын «Мега» сауда орталығы да салтанатпен мерекеледі

Қала күні мерекесін шымқалалықтар биыл ерекше атап өтіп жатқаны белгілі. Шымкенттің төл тойын «Мега» сауда орталығы да салтанатпен мерекеледі.

Сүйіктісін ертіп немесе отбасымен бірге би билеген тұрғындар шадыман шаттыққа бөленді. Шымқаланың төл тойына шымкенттіктерге «Мега сауда орталығы осындай тарту өткізді.

Қала күнгі қалалықтардың ортақ мерекесі. Таңғажайып флэшмоб, көңілді билер мен құйқылжыта шырқалған әндер. Мұның бәрі мерекеге жиналғандардың көңілінен шыққаны соншалық, өнер көрсеткен облыстық филармония әншілерін сахнаға қайта қайта қол шапалақпен шақырып жатты.Ең белсенділік танытқан көһрермендер «Корона» фабрикасынан сыйлықтар алды.

Үлкендер жағы концерт тамашалап, көңілқуантса, бүлдіршіндер жағы сүйікті қаласынсуретке бейнеледі. Қаланың ең көрікті жерлері Мега, Кең баба саябағы, филармонияны шынайы суреттей алған. Сол үшін де талантта жас бас бәйгені жеңіп алды.

Балалар үшін сыйлықтар, үлкендер үшін ән-жырдан шашу шашқан мерекде ешкім де ескерусіз қалған жоқ.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Шымкенттің төл тойын «Мега» сауда орталығы да салтанатпен мерекеледі"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Курметти жерлестер! Баринизди кала куни мерекесімен куттыктаймын. Аспанымыз ашык, елимиз тыныш болсын! Баримизге Алла жар болсын!

wpDiscuz