Спорт 

Шымкенттіктер қала күнінде ұлттық ойындарды тамашалады

Қала күнін тұрғындар орталық атшабарда атап өтті.  Ауа-райы да қолайлы болды. Жерлестеріміз сәгүліктің құлағында ойнап, ұлттық спорт түрлері бойынша өзара жарыс та ұйымдастырды.  Жылдағыға қарағанда жанкүйерлер ипподромға толып, бұрын соңды мұншама халайық жиналмайтын еді деп ұйымдастырушылар қуанышын жасырмады.

Қыз қуу, бәйге, аударыспақ,  және де көкпар. Бұл күні жиналған қауым Төле бидің шабандоздары мен шымкенттік «Құлагердің» өзара кездесуін тамашалай алды. Нәтижесінде 4:3 есебімен «Құлагердің» шабандоздары жеңіске жетті.

Ал аударыспақ пен теңге ілу де жерлестеріміз ел чемпиондарының өнерін тамашалауға мүмкіндік алды. Спорттық ойын ретінде ресми тізімге енгелі оңтүстіктің қоржынын бірнеше алтын жүлдемен толығып қалғаны белгілі. Шымкенттік палуандар Ресупбликалық сынақтардан жүлдесіз оралған емес.

Ұлттық ойындардың жанкүйерлеріне жағымды жаңалық та бар. Қарашаның біріне орталық ат шабарда асанбай Асқаровты еске алуға арналған халықаралық жарыс басталады. Бұл додаға шет елдің шабандоздары да қатысып, бас жүлде үшін таласқа түседі. Ептілердің тартысын тамашалау тегін. Жарыс алты күнге жалғасады.

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz