Зағиптар қоғамының тынысы қандай?

Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні ретінде атап өтіледі. Осы шараға байланысты қалада түрлі мерекелік бағдарлама да дайындалды. Бүгінгі таңда қаламызда 18 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың барлығына мерекеде ғана емес, барлық уақытта көңіл бөлуіміз парыз. Мүгедектер мерекесіне орай, реті келіп, ОҚО соқырлар қоғамының төрағасы Нұрлан Тоқтарбайұлы Жандарбековпен сұхбат жүргізуге мүмкіндік алдық. Орайы келген әңгіме барысында Нұрлан аға өздерін мазалаған ойларын да жеткізді.

– Аға қоғамдарыңыз қашаннан бері жұмыс істеп келеді?
– Қоғам 1937 жылдан жұмыс істеп келеді екен. Қазіргі уақытта соқырлар қоғамы 20 мыңнан астам соқырларды ұйымдастырып отыр. 14 облыстық және 2 қалалық бөлімшесі, 200 ұйымы, 33 кәсіпорны және “Спутник” демалыс үйі (120 орын) бар. Кәсіпорындарынан 150 түрлі өнім шығарылады, оның ішінде автобөліктер, пластмассалық, тігін және полиграф, өнімдер бар.Соқырлар қоғамы Әлемдік және Еуропалық соқырлар одағының мүшесі болып табылады.ОҚО-да 4 мекеме бар. Түркістан, Ленгір, шымкентте, Кентауда енді ашылады.

– Облысымызда қанша адам тіркелген?
– Қала бойынша 375, облысымызда 2500 соқыр зағип бар. Бұл тек ресми тіркелгені ғана ал, үйлерінде отырғандары қаншама. Бізді мазалап отырғаны да осы. Мәселен, Қарааспан елді-мекенінде бір әйел соқыр қызын “Бір мүгедекке өзіміздің қарауға шамамыз жетеді” деп хабар-ошарсыз кетті. Осылай, ештеңеден хабарсыз болып, мемлекет тарапынан жасалған жеңілдікті пайдалана алмайды. Менің өзім 1996 жылы көзім көрмей қалды. 1 жыл елден аластап, қоғамға бармадым.

– Осы жасалған жеңілдік, жәрдемақылар жөнінде айтып өтсеңіз
– Қоғамымыздағы зағиптар тифла құралдармен қамтамасыз етіледі. Оның ішіне,сүйеу болатын жіңішке таяқ,
Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сағат- көру қабілеті нашар адамдарға арналған механикалық сағаттың циферблатында цифрлар кедір-бұдырланған нүктелермен қайталанған.Брайль жүйесімен жазуға арналған құрал – көру бойынша мүгедектерге құрал жазу жұмысын орындау үшін арналған.Жазуға және басып шығаруға арналған бедерлі – нүктелі шрифті қағаз- арнайы жазуға және басып шығаруға арналған бедерлі – нүктелі шрифті қағаз. Тифломагнитола – тифломагнитола музыкалық фонограммаларды және «айтушы кітаптарды» стереофондық еске түсіру үшін арналған. Көру бойынша мүгедектерге жазбаны «айтушы кітаптарды» кассетадан дискеге өткізгенде әр жақты аппарат болу керек.
Диктофон – көру бойынша мүгедектерге диктофон лекция және сатып алынатын зат тізімін жазуға арналған.Дауысты еске түсіру үшін плейер – «Айтушы кітаптарды» тыңдау үшін арналған, көру қабілеті нашар адамдарға хабарлама қамтамасыз ету үшін негізгі құрал болып табылады. Тыңдау ішкі дауыс зорайтқышы немесе моношағымшы арқылы жүрізіледі.. Арнайы демалыс орындарына кезекпен жолдама беріледі. Ай сайын, мүгедектік тобына қарай 20-24000 теңге алады.

– Онсыз да жүрегі жараланып, жарық күнді көруге мүмкіндігі жоқ азаматтарға қоғамға келудің пайдасы бар шығар.
– Әрине, өзіңмен тағдырлас адамдармен бірге әрекет жасау көңіліңе сабыр ұялатады. Орталыққа келген адам өзін өзгеше сезіне бастайды.
– Сұхбатыңызға рахмет.
Телефон анықтамасы: Облыстық соқырлар қоғамының тел: 51-99-48

Related posts

Пікір қалдыру

2 пікір - "Зағиптар қоғамының тынысы қандай?"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Құрметті Нұрлан Тоқтарбайұлы!
Мен Түркістан қаласында тұрамын. Менің анам 4 жылдай болды көзі көрмей соқыр болып қалды. Қазір үйде алаңсыз отырып қалды. Кейде беймазданып кетеді, жиі ауыратын болды. Бұл біздің жанымызға батады, жүрегімізді жаралайды. Сол кісіге не көмек беруге болады. Зағыптар қоғамынан психологиялық қандай көмек алуға болады.Сізден жауап күтемін.

Құрметті Нұрлан Тоқтарбайұлы!
Менің ағам Ермекбаев Болатбек Қалабаевич Байқоңыр қаласында тұрады№ Ол 2016 жылы 04 сәуірден бастап 1-топтағы мүгедек анықтамасын алды. Оған енді әлеуметтік жеке көмекшінің қызметі тағайындалды. Жеке көмекші құжаттарын маусым айында ғана дайындағандықтан оған енді маусым айынан ғана пособиясы жүреді ме. Сәуір мен мамыр айының пособиялары неліктен төленбейді

wpDiscuz