Жаңалықтар 

Жаңа заң бізді теріс ағымдардан қорғай алады

18-қазан рухани келісімі күні. 1992 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған бұл айтулы дата елдің татулығы мен бірлігін бекіте түспек. ОҚО 17 конфессияға енетін 912 діни бірлестіктер жұмыс жасайды. Пендешілік пиғылды күпірлікке бастайтын бағыттар мен сырдың суын сирағынан кешкен секталардың әрекетіне осындай заңмен нүкте қойылмақ.

Жүзден астам ұлт пен ұлыстың басын қосқан Оңтүстікте 17 конфессия, яғни 912 діни бірлестік жұмыс жасайды. Облыстың геосаяси әрі этникалық орналасуына байланысты дәстүрлі ислам жетекші орынға ие. Облыстық Хаттани атындағы орталық мешіттің наиб имамы Ербосын Орын Елбасы таяуда қол қойған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заң елдің ынтымағына елеулі ықпал ететініне сенімді.
1992 жылғы қабылданған діни бірлестіктер турасындағы заңның солқылдақ тұстарының көптігін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Енді жаңа Заң бойынша тек құрмында 5 мыңнан астам мүшесі бар ұйым ғана діни бірлестік боп тіркеле алады. Бірақ жаңа заңда ешкімнің құқығы мұқалмақ емес.

Қазақ жерінде түтінін түзу түтетіп отырған өзге де дін өкілдері елімізде рухани келісімнің ахуалына дән риза. Жаңа қабылданған Заңда да діни сенімге ешқандай қысым жоқ дейді протерий Евгений.

ҚР «Діни бірлестіктер» туралы ескі заңы бойынша біздің облыста 115 шағын діни торптоа тіркелген. Жаңа заң діни бірлестіктің атын бүркенгендердің бетін ашып, мемлекетіміздегі ынтымақтың ұюына ықпал болатыны анық.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz