Жаңалықтар 

Жаңалықтың жаршысына жазыламын

Әлия Дәуірбаева, Төлеби ауданындағы №2 балалар үйінің әдіскері:
— «Оңтүстік Рабат» газетінің тұрақты оқырманымын. Апта сайын үйіме келіп тұратын газетті, отбасымызбен таласа оқимыз. Себебі мұнда қоғамның барлық саласы қамтылған. Бала-шағам жастар бетін оқып жатса, біз отағасы екеуміз облысымызда орын алып жатқан жаңалықтарды шолып шығамыз.

Соңғы уақытта, ас бөлмедегі әйелдерге арнап, ас мәзірін ұсынып, пайдалы кеңестерді көптеп жазып жатыр. Бұл да болса, көңілге қонымды. Кейбір мақалаларды балалар үйіндегі оқушылармен талдап, өзімізше пікір білдіріп жатамыз.

Олар жастайынан қатал тағдырға тап болғандықтан ба, кейде осы басылымда жарияланған өзекті тақырыптарды көптеп оқиды. Мен жазылатын бір газет отбасым мен 20 оқушымды облыс жаңалықтармен таныстырып отыруға жетіп артылады. Сондықтан да жаңалық жаршысының тұрақты оқырманы болу үшін жазыламын.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz