Жаңалықтар 

Жанар жағармай тапшылығы орын алды

Қаламызда бензин тапшылығы байқалуда. Мұны көлік жүргізушілері де растап отыр. Өйткені кез-келген жанар-жағармай құю бекетіне бара қалсаңыз, сұйық отынды талонсыз алу мүмкін емес. Оған қоса, мұндай мүмкіндікке ие болғандардың да бензинді толық алуына кепілдік жоқ. Ал «ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті Қайыргелды Қабылдин болса, елімізде сұйық отын жайы жыл соңына дейін тұрақталады деп мәлімдеді.
Мына жанармай бекетінде ұзын сонар кезек. Жүргізушілердің айтуынша мұнда сұйық отын нақты ақшаға босатылады. Соңғы күндері мұндай мүмкіндікке қол жеткіз оңайға соқпай отыр дейді олар.

Бүгінде сұранысқа ие 92-і бензиннің литрі 106 теңгеден сатылуда. Бағаның тұрақты осы күйінде қалатынына ешкім кепілдік беріп отырған жоқ. Шымкентте мұнай өңдеп отырып, өзіміз өнімнен тапшылық көріп отырғанымыз ұят дейді тұрғындар. Жағдайды реттеу мақсатында үкімет тарапынан шаралар көрінуде.

Сауат Мыңбаев, мұнай және газ министрі: Жанармай тапшылығы тығырығынан шығу жолдары министрлікте талқыланды . Қазанның 20-на жағдай реттеледі. Республикадағы мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтағы жанармайға сұранысты толық қамти алмайды. Сондықтан да 50 тонна жоғары октанды бензин Рсейден жеткізу қарастырылуда.

Әрине бұл бүгін туындаған мәселе емес. Жыл сайын осы кезеңде жанармай тапшылығы орын алып, баға шарықтай түседі. Барлық ауыртпалықты қарапайым халық көреді, ал жоғарыдағылар тек уәде берумен келеді.


Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz