Жаңалықтар 

Жол полициясының жауапсыздығы

Соңғы алты айдың қорытындысы бойынша жол полициясы қызметкерлері 175 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салған. Бірақ соның тек 52 миллионнан астамы ғана өндірілген. Облысымызда жалған мемлекеттік нөмірмен жүру  фактісі жиі кездеседі екен.

Былтырғы жылы көшелердегі фоторадарлар 100 мыңға жуық ереже бұзушылықты тіркепті. Соның 600-і тек бір ғана көлікпен жасалған заңбұзушылық екен. Ал биылғы жарты жылдың өзінде 300-ге тарта көліктің әрқайсысы жол ережесін 10 реттен бұзған.

Сонымен қатар, Оңтүстікте автокөліктеріне жалған нөмір тағып алып, тайраңдайтындар да жетерлік. Тіпті дәл осындай жалған нөмір жасаумен айналысып келген цехтар да бар көрінеді.Талайлар ұнаған нөмірді 2-5 мың теңгеге жасатып алып, көшелерде қорықпай жүре берген. Нөмірлерді бояу және қайта өңдеу ісімен Н.Б. деген азамат айналысатынын анықтаған проуратура қызметкерлері оның үстінен әкімшілік іс қозғап, уәкілетті органдарға жолдаған.

Бұған салық органынан тіркелмей, кәсіпкерлікпен айналысқанын тағы қосыңыз.
Жол ережесін бұзса да ешқандай жазаға тартылмайтын көлік иелерін осы уақытқа дейін анықтамаған жол полициясы басқармасының қызметкерлері бұған қоса салынған айыппұлдарды да өндіре алмай отыр. Заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған жол сақшылары өз міндеттерін дұрыс атқара алмапты. Жол үстіндегі жауапсыздықтың көбейгені де — сол жауапсыз мамандар жұмысының салдары.

Сонымен қоса, облыс прокуратурасының әлеуметтік – экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Батыр Ергешов: «Автоматты режимде жұмыс істейтін «Red speed» құрылғысының мәліметіне сәйкес көк түсті, мемлекеттік тіркеу нөмері «А 080 LCO» «Дэу нексия» автокөлігі 252 рет ереже бұзған.Оның 5 миллион теңге айыппұл берешегі бар. Ал Алматы қаласының ІІД ЖПБ-сының берген мәліметіне сәйкес аталған нөмір белгісімен Алматы қаласы, Красногорский көшесі, № 8 үй тұрғыны азамат С.Н.Дауатовқа тиесілі «Ауди А8» автокөлігі тіркелген. Сонымен бірге 30 құқық бұзушылық жасап, 748 440 теңге айыппұл «арқалаған» мемлекеттік белгісі А150FCM «Тойота Камри» автокөлігі анықталды»- дейді.

Салғырттықтың соңы аталмыш департамент басшысының ауыстырылуына әкеп соқты. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол полициясының бұрыңғы басшысы, полковник А. Қасымбеков кадрлық резервтер қатарына алыныпты. Ал Ішкі істер министрлігінің арнайы бұйрығымен оның орнына полковник Артық Жаппаров тағайындалды.

Related posts

Пікір қалдыру

5 пікір - "Жол полициясының жауапсыздығы"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Бул жол полдын бастыгын ауыстырудын амалы гой, осы кунге дейин олардын бул зансыздыктарды байкамай жургенине ким сенеди, типти бул шарадан сон да зансыздыктар токтамайды, наукандык акция гана

Байғұс А.Қасымбековті айтамын да, неше рет келіп, осы қызыметке, нешінші рет кетіп отыр тағы да. Әлі-ақ, арада біраз жылдар өткен соң, Қасымбеков облыстың бас жол полицейі болып жатса, таңқалмаймын.

Бұл сіздің жеке пікіріңіз. Бірақ, ауыз-түйістер заңсыздықтың орын алуына тосқауыл қояр деген үміттеміз

дурыс екен, облыста ауыстыруларды коптеп жургизген дурыс болар

Оз басым МАЙ қызметкерлерінін жумысына конилим толмайды. Солар мемлекеттик корды ойлап жатыр дейсиздер ма, оларге тек оз калталарын толтырса болды емес па? Кызыксыздар, бастыктарын ауыстырганымен жауасыздык токталады деп ойлайсыздар ма? Кайта кутырады? Байгус шоферларга обал болды тагы да! Коремиз не катыратынын?????????????????????????

wpDiscuz