Оқыс оқиға 

Қарақшылар қолынан қаза тапқан полицейлер жерленді

Алматы қаласында сегізінші қараша күні өз міндетін атқару кезінде қапыда қайтыс болған екі тәртіп сақшысының денесі оңтүстікке әкелінді. Солардың бірі Қазығұрт ауданының тумасы Ғалымжан Әбдіров туған жері Қарабастау ауылында жерленді.
Полиция аға сержанты Ғалымжан Әбдіровтің денесі туған ауылына бейсенбі күні әкелінді. Қапыда айрылған азаматынан айрылып, қайғыдан қара жамылған туыстары мен қызметтес жолдастары қалды артында. Ғалымжанның қарындасы Әсия оны әке мен шешемді білдіртпейтін шынарымыз еді деп ах ұрады.
38 жастағы полиция аға сержанты Ғалымжан Әбдіров Алматыда қызметін атқару кезінде жанындағы жолдасымен бірге қандықол қарақшылардың қаруынан оққа ұшқан еді. 15 жылдан астам уақыт полицияда қызмет жасаған атпалдай азаматтың артында 10 жасар қызы мен сүйген жары қалыпты. Қайғы жалғыз келмейтіні секілді жары бұл бақытсыздықты естігенді есінен танып, ауруханаға түсіпті.

Батырға сай соңғы сапарына аттандырған тәртіп сақшылары марқұм жолдастарын мәңгілік тұрағына өздері шығарып салды. Оққа ұшып көз жұмған ерлер Ғалымжан Әбдіров пен Мақсат Дабыловқа қастандық жасағандарды қалайда тауып, заң алдында қатаң жазалаймыз деп бекініпті ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Қазір Ғалымжан Әбдіровпен Мақсат Дабыловты мемлекеттік наградаға ұсыну мәселесі қаралып жатыр деген мәлімет бар. Ал, тәртіп сақшыларына қастандық жасағандардың таяу арада ұсталып, үлкен жазаға тартылатыны сөзсіз.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz