Жаңалықтар 

Қазақстанда Жол полициясы қызметкерлерінің төл мерекесі атап өтілді

23 қараша – Қазақстан Республикасы ІІМ жол полициясының күні. Қазіргі Жол полициясының қызмет ету аясы 1878 жылы полиция қызметкерлері міндеттеріне кірген. Тарихы тереңде жатқан қоғамдық жол тәртібінің сақшылары бүгін кәсіби мерекесін салтанатты түрде атап өтті.

ОҚО ІІД басшылығы қиындығы мен жауапкершілігі мол бұл қызметте ерен еңбек еткендерге департамент пен министрліктің Құрмет граматоларымен марапаттады. Жылдың қай мезгілі болмасын, 24 сағат бойы тәртіп күзетінде жүргендер салтанатты жиында тағы да міндеттерін сараптап алды.

Халықтың көз алдындағы, қызығынан гөрі қиындығы басым бұл саланың қызметі сынға көптеп ұшырап жататыны жасырын емес. Кәсіби мерекелік салтанатта тәртіп күзетіндегі жұмыс жоспары мен бағыт-бағдарын анықтап алған полицейлер ардагерлерді де ардақтады.

Жол-көлік қозғалысын қадағалап, қоғамдық тәртіптің тұрақтылығын қамтамасыз ететін полицейлер алдыңғы буын ардагерлерден үлгі алары сөзсіз.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz