Қоқыс полигонындағы құрылыс қарқынсыз

183

Шымкент қаласының қоқыс полигонын рекультивациялау жұмысы жүргізілуде. Мердігер компания «Ақ Орда»
корпорациясының мамандары қала бюджетінен бөлінген 29 млн тенгенің 3 млн-ын ғана игеріпті. Қалған 26 млн. тенге қаржы қала қоржынына кері қайтарылды. Есесіне бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 150 млн. тенге бөлініп, құрылысқа тапсырыс беру құзыры облыстық құрылыс басқармасына жүктелді. Мердігерлер бүгінде 150 млн. тенгенің 40 пайызын игердік деп отыр.

Бір қызығы 30 гектар жерді алып жатқан қоқыс алаңында Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген азаматтар басым. «Ақ Орда» корпорациясының техникасы мұнда байқалмайды. Ал мына қалдықтардың қолданысқа қайта түспесіне кім кепіл?  Өздері жол берген келеңсіздіктерді көрсетпеуге тырысқан «ЛТД тұрмыс» ЖШС- нің мамандары түсіру тобына күш көрсетуге дейін барды. Осы олқылықтарды көші қон полициясы мен санитар мамандардың байқаусыз қалдырып отырғаны таң қалдырады.

Әкімшілік айыппұл салумен шаршаған санитар дәрігерлер шарасыздығын танытып отыр. Полигонды жабуға болмайды, қала аумағында қоқыс тастайтын өзге орын жоқ. Осыны алға тартқан «ЛТД тұрмыс» ЖШС-нің мамандары ақша табудың оңай жолын тапқан сыңайлы.