Оқыс оқиға 

Қылмыс әлеміндегі қауіпті қарақшылар құрықталды

Шымкентте қарақшылық шабуыл жасап, елді дүрліктіріп жүрген қылмыстық топ ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың есебінде кісі өлтіру фактісі де бар дейді полицейлер. Әзірге қолға түскен күдіктілердің саны 12 адам, арасында тіпті полиция өкілі қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкері де бар. Тәртіп сақшыларының болжамы бойынша қанды қол қарақшылар жалпы алғанда 18 қылмыстық әрекетке барған.

Бұл қылмыстық топтың басшысы 26 жастағы шымкенттік екен. Тергеу ісі бойынша дәл осы жігіт бірнеше айдың ішінде оннан астам қарақшылық шабуыл жасаған топты жасақтаған. Тіпті олардың 3- қазан күні Сайрам ауданында ұйымдастырылған қылмыстық әрекеті кезінде 38 жастағы азамат қаза болған еді.

Қылмыстық топтың серкесі жолдасымен бірге “Қайтпас” шағынауданында қолға түсті. Полицейлер “Лексус” автокөлігінің салонынан шолақ мылтық пен “Сайга” мылтығын тапқан. Сонымен қатар, ұсталғандардан үш бірдей қымбат автокөлік пен ақшаның бір бөлігі табылды. Келтірілген материалдық шығынның сомасы айтылмағанмен, оның тым қомақты екені белгілі болды.

Ұсталғандардың арасында тіпті полиция бөлімінің шұғыл іздестіру бөлімінің қызметкері де бар болып шықты.

Ішкі істер департаментінің өкілдері тағы бірнеше күдіктінің бар екенін мәлім етті. Олардың жуық арада қолға түсетініне сақшылар сенімді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz