//
Жаңалықтар 

Үй жануарларын тексеру күшейтілді

Сайрам ауданы Қарабастау ауылындағы нәрестенің құтырудан көз жұмуына байланысты Шымкент қаласында үй жануарларын тексеру күшейтілмек.  Абай ауданы әкімдігінде  үйлестіру кеңесін өтіп мамандарға барлық үйді аралап йттерді құжаттандыру және құтыруға қарсы егілген, егілмегендігін анықтауға тапсырма берілді.

ОҚО-на республикалық бюджеттен құтыру ауруына қарсы елілетін вакцина биыл кем берілген. 108 мың доза, ал мамандардың ресми мәліметі бойынша, өлкемізде 236 мыңнан астам ит және 70 мың мысық бар. Ол дегеніміз жануарлардың 50 пайызынан астамы ғана құтыруға қарсы егілген. Сондықтан да болар биылғы он айда 10 жануар, олардан келген қауіптен 4 адам құтыру ауруына шалдыққан. 2011 жылы облыс бойынша 76 мың қаңғыбас ит пен мысықтың көзін жойдық. Шараға бюджеттен 64 млн. теңге қаражат бөлінді. Ол өткен жылғымен салыстырғанда екі есеге артық. Былтыр 34 млн. болған.

Шымкент қаласында қаңғыбас иттерді аулауға 20 млн. теңге қаржы қаралған, ол жыл соңына дейін жеткілікті дейді мамандар. Арнайы қарумен 20 мыңнан астам қаңғыбас ит пен мысықтың көзі жойылған. Ендігі шара үйде ұсталатын иттердің құжаттандырылуы мен құтыру ауруына қарсы егілу шарасын ұйымдастыру.
Соңғы орын алған Қарабастау елді мекеніндегі 2 жасар баланың құтырудан көз жұмуына байланысты ауылдың барлық малдары мен жануарлары қайта егіледі. Жергілікті жерлерде жабайы жыртқыш аңдардан да абай болған жөн.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz