//
Жаңалықтар 

Әнші Атхамбек Юлдашев мектепке 500 мың теңге берді

Тельман бөлімшесіндегі №51 ші мектеп ұжымымен әнші Атхамбек Юлдашев кездесті. Аталмыш оқу орнының оқушылары әннен шашу шашып, қыздар мың бұрала биледі. Сонымен бірге, мектеп оқушылары келген қонаққа көкейде жүрген сауалдарын қойып өздеріне қажетті жауаптарын алып жатты.

Мен мектеп оқушыларымен кездескеніме өте қуаныштымын. Бір сәт болсада демалып, балалармен бірге өткенге саяхат жасап алға жоспар түздім. Бүгінгі кездесуде мен балаларға ең бастысы ата-ана қадірі жайында айттым. Өйткені менің ата-анам ерте өмірден өткен. Олардан 5-қыз, 5-ұл қалып отыр. Солардың бірі менмін. Менің режисерлығыммен түскен фильмдерімнің басым көпшілігі де осы ата-ана қадірі жайында. Әндерімде осы ардақты жандар үшін айтылады. Бүгінгі кездесу маған өте қатты ұнады дейді Атхамбек Юлдашев.

Атхамбек Юлдашев №51-ші мектеп ұжымына 500 тенге көлемінде қаржы бөліп, Еуропадан әкелінген қол өнер туындысын ұсынып мектеп ұжымын қуантып қойды. Әншінің ендігі мақсаты көмекке мұқтаж басқада мектеп ұжымдарына қол ұшын беру.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz