1 аптада 11 қойылым қойылды

Мен ішпеген у бар ма?

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Театр апталығы» қойылымдарын қорытындылады.

16 мен 22-қараша аралығында 11 қойылым қойылды. Ал оларды тамашалауға 4000 мың көрермен келген. Олардың арасында зейнет жасындағылардан бастап мектеп оқушыларыда тамашалауға келіпті.

Соңғы 22 ші қаңтар күні И.Оразбаевтің «Мен ішпеген у бар ма?!» трагедиясы қойылды. Бұл қойылым қазақтың ұлы ақыны Абай құнанбаевтың өткен өмірінен сыр шертеді. Абай өмір сүрген дәуірдегі адамдық, адалдық, арамдық, сатқындық, қараңғылық жайлаған қара халықтың хал жағдайын баяндайды. Құнанбай, Абай, Оразбай, Күнту араларындағы тартыс арқылы И.Оразбаев өз шығармасында бүгінгі күннің өзекті мәселелерін арқау етеді.
«Жүректің көзі ашылса,
Түседі хақтың сәулесі,
Іштегі кірді қашырса
Адамның хикмет кеудесі»

Енді қазақ драма театрының өнерлі ұжымы өз қойылымдарын Арыс қаласы мен Шәуілдір қалаларына бермек ниетте.  Арыс қаласының көрермендері Исрайл Сапарбайдың «Сыған серенадасы» драмасын тамашалай алады.