17 мөлтекауданда 34 қылмыс орын алған

Шымкентте учаскелік инспекторлар халық алдында есеп бере бастады. Алғашқы болып Еңбекші ауданына қарасты 16-17-ші ықшам ауданының аймақтық полиция пунктінің тәртіп сақшылары есеп берді. Жиынға аудан тұрғындарымен қоса, пәтер иелері, үй төрағалары, прокуротура қызметкерлері “Нұр Отан” ХДП өкілдері қатысты. Тәртіп сақшылары қылмыстарды ашу мен оның алдын алуға қатысты атқарып жатқан жұмыстары жайлы толық мәлімет берді.

Еңбекші ауданындағы учаскелік пунктіге қарасты 17 мөлтекауданда қылмыстық ахуал тұрақты. Өткен он айда еңбекші ауданына қарасты 17 мөлтек ауданында 34 қылмыс орын алыпты. Оның 11-інің беті ашылған. Ал ашылмай қалған қылмыс оқиғалары көлік және пәтер тонау ісін қатысты екен.

Инспекторлардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда тәртіп бұзушылық айтарлықтай азайған көрінеді. Есеп беру жынында полицейлер қылмыс ахуалы күшеймес үшін пәтерлер мен подъездердің қауіпсіздігін күшейтіп, арнайы дабыл құралдарын орнату қажеттігін еске салып өтті. Сонымен қатар, көлікті де арнайы автотұраққа қою керек деп кеңес берді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz