№8 қысқы спорт түрлері мектебінің шәкірттері топ жарды

46
№8 қысқы спорт түрлері мектебінің мақтаныштары

Шорт-трекпен айналысатын спортшылар Қостанайдан оралды. Жерлестеріміз Қазақстан біріншілігінде сынға түсіп, Айда Даулеталиева 3 қашықтықта үш бірдей күміс медальға ие болды. Ал Ажар Ахмет, Айда Сейтжанова және Назерке Байжанова 2000 метрге эстафеталық жарыста үшінші орыннан көрінді.

Ұлдарымыз қоладан алқа тақты. Олар: Жасұлан Тұратбеков, Ерсұлтан Керімбек және Нұрлыбек Бейсеев. Ал Айбек Темірхан болса ең жас қатысушы ретінде жеңіске деген ынталандыру медалімен марапатталды.