Оқыс оқиға 

Аурухана күзетшісін жабылып ұрып кетті

Оқыс оқиға күннің жарығында орын алған екен. Облыстық балалар аурухана ауласына өзінің жеке машинасымен кірмек болғандарға рұқсат бермеген күзетшіні аямай ұрып кеткен.
Кәугерлердің айтуынша, күзеттегі жігітке қатты ашуланып, ыза мінген жүргізуші одан кегін алатындығын айтқан. Алайда, жүргізушіге тәртіп ескертіліп, аураухананың ауласына тек қызметтік көліктер ғана жіберілетіні ескертілген.

Ал өз күшіне мінген «ВАЗ-21099″ автокөлігінің жүргізушісі бұл ескертуге мән бермеген. Жарты сағаттан бір топ жігіттерді жинап келіп, күзетшіні жабылып ұрып кеткен.

Бұл төбелесті ажыратпақ болған екі азаматта соққыға жығылып, нәтижесінде үшеуі де аурухана төсегіне танылған. Күзетшінің халі нашар болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша үшеуінің де жағдайы ауыр, денсаулықтарына зақым келген.

Бір қуантарлығы куәгерлер бұзақылардың мінген көліктердің нөмерін жаттап қалған екен. Бұл тергеу жұмыстарына кіріскен әл-Фараби ауданыдық ішкі істер бөлімінің полицейлеріне әжептеуір көмек болды.

Бірақ, бізге мәлім болғаны, «Ваз» автокөлігінің мемлекеттік белгісі қолдан жасалған болып шықты. Сонда да істің ашылып, кінәлілердің ұсталатындығына ішкі істер департаментінің қызметкерлері сенімді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz