Жаңалықтар 

«Батырлар картасы» жаңаланатын болды

Қызылды қара мрамордан жасалған ескерткіштермен көлденең жерге төселген әдемі тастар. Бұл қоғамдық көшбасшыларының тек қағазға түсірілген армандары ғана. Алайда, бұл арман жақын күндері Шымкенттіктердің қолдауымен орындалмақ. Өйткені бірнеше ай бұрын белсенділер банктен арнайы есеп шот ашқан болатын. Енді кез келген қала тұрғынының аталған шотқа қаржы аударуға мүмкіндігі бар.

Белсенді топ мүшелері бұл қайырымдылық іске немқұрайлы қарамауға шақырады. Өйткені «батырлар картасын» қайта өз қалпына жаңаша түрде келтіру өз қолымызда дейді олар. Ал жаңа жобаның жоспарын көшбасшылар облыстық әкімшіліктің қарауына жіберіпті. Енді оның тағдыры лауазымды тұлғалардың қолында. Құрылысқа кететін қаржының жалпы сомасы 10 миллион тенгені құрайды.

Біз бұл соманың үштен бірін де жинаған жоқпыз. Ал жаңаша тірлік өмірден өткен батыр бабаларымызға емес, алдымен өзімізге керек нәрсе. Сол үшін жұмыла кіріскен жүк жеңіл демекші. Ат салысыңыздар ағайын дейді «Соотечественник» атты ұйымының жетекшісі.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz