Жаңалықтар 

Батыс Еуропа-Батыс Қытай магистралінің құрылысы қызу қарқын алған

ОҚО-ның аумағынан өтетін Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық магистралінің құрылысы қызу қарқын алған. Мердігерлер өздеріне тиесілі жол бөлігінде жұмысты сапалы орындауға тырысудамыз дейді. Оның барысын арнайы зертханалар електен өткізеді. Барлығы талаптарға сай болуы тиіс.

Түркістан бағытындағы күре жолда орын алған ыңғайсыздықтар уақытша. Қауіпсіздік шараларына мұқият болу қажеттігін көлік жүргізушілері де, құрылысшылар да жақсы біледі. БЕ-БҚ халықаралық жолының бұл бөлігінде АЗМК Сервис ЖШС- і жол жүйесінің құрылысын жүргізуде. Тамыз айында бастауын алған жұмыстар барысында бірінші тірегіш бетондалып қойды. Енді құрылысшылар 2-4 тіреуіштерді орнатуға кіріскен. Жұмыстар келер жылы тамызда аяқталады.

Илья РАКОВ, «АЗМК сервис» ЖШС-нің учаске бастығы
Құрылыстың барысы үнемі бақылауда. Тіреуіштер берік болу үшін оларды 27 метр тереңдікте орнықтырудамыз. Құбырлар Алматыдағы темірбетон зауытынан жеткізілген. Пайдаланылып жатқан құрылыс заттар міндетті түрде тексеруден өтеді. Бетон қоспасының үлгілері де мұқият сарапталады.

Шымкент-Самара бағытындағы күре жолдың мына бөлігінде оңтүстіккореялық компания жұмыс жүргізіп жатыр. Құрылыс талаптарына сәйкес, соңғы қабатқа биіктігі 27 см. бетон төселеді. Ол отырмайтындай, мықты болуы үшін мынадай арматуралар пайдаланылады. Айта кету керек, бұл құрылыс материалы оңтүстік индустриалды аймағындағы Феррум втор серіктестігінде жасалған.

Көлденең әрбір 5 метр қашықтықта арматура арнайы қоспада бетондалады. Осы күйінде жол соңғы рет тегістеліп, тайғақ болмас үшін арнайы қоспамен өңделеді. Мердігер компания халықаралық жолдың Ата мекен — Ынтымақ ауылына дейінгі аралығына жауапты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz