Жаңалықтар 

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолында тағы да заң бұзушылық

ОҚО-ның Бәйдібек және Ордабасы аудандарының аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Қытайдың «Sinohydro Construction Limited» компаниясы экологтардың назарында. Табиғат қорғаушылар қытайлық құрылыс компаниясын өз техникасын құм-тас қоспасын дайындауда заңсыз пайдаланғандығы үшін айыптауда.

«Прокуратураның талап етуімен Арыс өзені бойындағы жерге ие «Отын» ЖШС-не тексеру жүргіздік. Бұл жер көлемі ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруге арналған. Бірақ, анық болғандай, жерді өз мақсатында пайдаланбай, учаске иелері құм-тас өндіру үшін қазғаны белгілі болды. Сондай-ақ топырақтың өнімге қолайлы қабатына да қарамаған. Онда жұмыс жасаған бүкіл техника «Sinohydro Construction Limited» қытайлық компанияға тиесілі. Бұл факті фототүсірілімдер арқылы анықталған»- дейді Шу-Талас экология департаменті ОҚОФ мемлекеттік инспекторы Ербақ Ахметов.

«Отын» ЖШС басшылығы ешқандай рұқсат қағаздарын экологтарға көрсете алмады. Сол үшін де 400 мың теңгеге айыппұл салынды. Бір жарым миллионнан астам теңге… Табиғатқа тигізген зиянды экологтар осылай деп есептеп отыр. Жер иелері жеңіл жазамен құтылды деуге болады.

Қазылған құм-тас көлемі мұнан да көлемдірек болғанда кінәлілер әкімшілік емес, қылмыстық кодекс бойынша жауап берер еді. Ал қытайлық компания 150 айлық есептік көрсеткіші бойынша айыппұл төлейтін болады. Табиғатқа тигізген залалы үшін экологтар қытайлық компанияға 1 миллиард, 200 миллион теңге деп бағалап отыр. Тиісті құжаттар дайындалып жатыр. Бұл іс прокурорлар мен экологтардың жіті қадағалауында.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің құрылысында жұмыс жасап жатқан шетелдік компаниялардың біздің елдің экологиялық заң талаптарына қырын қарау жағдайы көптеп кездесіп жатады. Естеріңізге сала кетейік, бірер апта бұрын табиғат қорғау прокурорлары күн шығыс елінің тағы бір компаниясы- Kukdonq Enqineerinq&Construction Co.Ltd» АҚ ШФ осы тектес заңбұзушылық бойынша жауапқа тартқан болатын.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz