Жаңалықтар 

Бір жеті бойы жауған жауынның зардабын тартқандар

Апта бойы нөсерлеп жауған жауыннан зардап шекен жерлестеріміздің саны күн санап көбейіп барады.   Шымкенттегі Жаңа шек каналының бойында тұратын бірнеше үйдің тұрғындары қала әкімдігіне арыздарын жеткізуге бел буып біздің телеарнаға да  қоңырау шалды. Бұған дейін 112 орам мен Қазығұрт шағын ауданының тұрғындары бастарына түскен қиыншылықтарын жеткізген еді.

Ташенов көшесіндегі бұл үйлерді су басу 2009 жылдан бері жалғасып келеді. Күз және көктем айларында жер асты суы көтеріледі, оған жаңа шек каналында кептеліп арнасынан асқан су да өз үлесін қосады дейді мамандар.

Ахуалды реттеуге канал жиегіне төгілген топырақтар да көмектесе алмапты. «ЛТД тұрмыс » ЖШС-нің мамандары да көпшіліктің арыз шағымдары бойынша осында келді, тек бұл жұмысшылардың қолдарынан түк келмеді.

Олар канал ішін тазартады. Онда да техника мен адам аяғя жететін жерлердегі су кептелісі ашылады. Өкінішке орай канал бойының көп жерлеріне бару мүмкін емес. Өйткені жеке нысандар салынып кеткен.

Бұл проблемадан құтылудың жалғыз жолы канал жиектерін бетондауды жалғастырып су тартқыш дренаждардың санын көбейту қажет. Естеріңізге салар болсақ 2008 жылы Шымкент және Жаңашек каналдарының екі шақырым жері бетондалды. Содан бері бұл құрылысқа қаржы бөлінбей тұралап тұр. Ал жергілікті билік істің бойына қашан қан жүгіртетіні әзірге белгісіз.

Related posts