Спорт 

Бразилиялық бапкер Шымкентте іріктеу жүргізуде

Шымкентте “Оле бразил”  бағдарламасы бойынша бразилияда шеберлігін шыңдайтын жеткіншектер іріктелінуде. Бұл күндері қаламызда 14 жастағы футболшылар арасында ел чемпионаты өтуде. Бұрын соңды республикалық турнирге 17 команда жиналған емес.

Отандастарымыз бұл іріктеуден шет қалмаудың амалын іздестіруде. Жарыс алдын бразилиялық маман команда бапкерлерімен кездесіп, оле бразил академиясының тұрмыс тіршілігімен танысты. Сондай ақ іріктеудің басты шарттары да айтылды.

Бұл жолы 40 жеткіншек іріктелініп, кейіннен келесі жылы олардың арасынан 26-сының бағы жанады. Биыл 16 жастағы жерлестеріміз үш жылдық оқудан кейін, Бразилиядан оралады. Ал шымкенттегі іріктеу қарашаның бесіне дейін жалғасады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz