Қонаев даңғылында жаңа дүкенЖаңалықтар 

“Дефиле” дүкені ашылды (PR) (бейне)

Шымкентте “Дефиле” компаниясының жаңа дүкені ашылды. Қонаев даңғылы бойында бой көтерген жаңа дүкен қалалықтарды жақсы жаңалықтарымен қуантары сөзсіз. Танымал брендтердің  жаңа киім үлгілері, эксклюзивті моделдерін қашанда “Дефиле”  дүкенінен табарыңыз анық.

Дефиледен киінетін шымкенттік сәнқойлар жаңа дүкеннің ашылуынан қапы қалмады. “Дефиле” дүкенінің жаңа киім жиынтығы жаңа маусымда әсемдігіңізді арттыратыны айтпаса да түсінікті. Нәзік жандыларға арналған талғаммен тігілген жаңа үлгідегі көйлек көншік кез-келген сәнқұмар сұлудың талабын дөп басары сөзсіз.

“Дефиле” сауда жүйесіндегі негізгі үш бағыт, яғни сапа, көңілге қонымды бағалар, сәнді дизаинды сатып алушылар да бағалап үлгергелі қашан. Жаңа үлгідегі, хайтек стиліндегі жаңа “Дефиле” дүкені шымкенттіктерге тамаша тарту.

Көркем гимнастикадан еңбек сіңірген спортт шебері Әлия Юсупова дүкенге екелген алғашқы сатып алушылардың бірі. Киім сапасы өте жоғары, қызмет көрсету сервисі әлемнің маңдайалды дүкендерімен тайталасатын “Дефиленің” жаңа дүкенінен жаңа киім сатып алмай кетпеймін деп шешті.

Сәнқойлардың сұранысын толық қанағаттандыратын жаңа дүкеннің ашылуы қызықты да, көңілді өтті. “Дефиле” компаниясының басшылығы тұрақты клиенттерін тағы да биік талғамға сай жаңа топтамалармен риза етпек. Өйткені мұнда күнде жаңа түсім. 

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz